Астанада аударыспақтан ашық Азия чемпионаты өтеді
15-маусымда Астана қаласында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен аударыспақтан ашық Азия чемпионаты өткізілмек.
Айтулы додаға Еуропа мен Азиядан 10 елдің командасы қатысады, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.
Олар: Ауғанстан, Әзірбайжан, Венгрия, Қырғыз, Қытай, Моңғолия, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, РФ Алтай Республикасы.
Қазақстан атынан шығатын негізгі үміткерлер: Е.Жапишев, Е.Байғонов (70 келіде), С.Ізбасаров, М.Аринов (90 келіде), Б.Қосалиев, М.Тамикенов (90 келіден жоғары салмақта).
Жарыс 15-маусым күні, сағат 11.00-де «Қазанат» атшабарында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00