Қазақ күресінен ел чемпионаты мәреге жетті
Жетісудың бас қаласында қазақ күресінен ерлер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Еліміздің барлық аймағынан келген палуандар 5 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтады.
Биылғы «Қазақстан барысына» қатысатын палуандар да өз деңгейлерін байқап көру үшін боз кілемге шықты. Ең жеңіл салмақта семейлік Айдос Сейпілұлы бірінші орын алса, 60 келіде алматылық Ғани Келдіқұловқа тең келер ешкім болмады.
Ал 70 және 90 келі салмақта қызылордалық Ғалымжан Әбдірахманов пен Мақсат Исақабылов алтыннан алқа тағынды. 80 келіде кілем иесі Тоқтар Қарқастеров бірінші орын алды.
Аса ауыр салмақта финалда өзінің командалас әріптесі Мұхит Тұрсыновты ұтқан Айбек Нұғымаров жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00