Астанада өткен аударыспақтан І ашық Азия чемпионатын «KAZsport» телеарнасы көрсетеді
Бүгін, Астанадағы «Қазанат» ипподромында тұңғыш рет аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеде Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғыз Республикасы , Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Моңғолия елдерінен мемлекеттен 33 спортшы бақ сынады.
Чемпионат 70 келіге, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынып, жүлде алған cпортшылар абсолютті чемпионы атағына таласты.
Ойын көрсетілімін 16-17 маусымда «KAZsport» телеарнасынан 21.00-де тамашалауға болады.
Турнирді ұйымдастырушылар - ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.
Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры. Қолдаушылар «Нұр Отан» партиясы және «EXPO-2017» халықаралық көрмесі.
Фото: inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00