Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтеді

Моңғолияның Өлгий қаласында 2014 жылдың 23-26 маусымында тоғызқұмалақтан халықаралық біріншілік өтеді. Бәсекеге Қазақстан, Қырғыз Республикасы, ҚХР-дан, Моңғолияның Ұланбатыр қаласынан, Увс пен Баян-Өлгий аймағынан, Ресейден, барлығы 9 команда, 54 спортшы қатысады, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ресми сайты.
Бәсеке - швейцар жүйесі бойынша ерлер, әйелдер, ұлдар мен қыздар арасында жекелей командалық есепте өткізілетін болды. Сайысқа 10 төреші қазылық жасайды.
Ақыл-ой спортының әлемдік озық үлгілерінің бірі саналатын қазақ халқының ұлттық рухани ойыны «Тоғызқұмалақ» — Моңғолиядағы қазақтар арасында да кең тарағанымен, өткен ғасырдың соңғы жартысында біраз уақыт ұмыт қалып, 1990 жылдардан бастап қайта жаңғырды.
Бұл ойынды халыққа алғаш насихаттаушылары Мамырхан Қожахметұлы мен Біләл Сәбиұлы сынды азаматтар болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
