Қызылордада журналистер кәсіби мерекесі қарсаңында арқан тартып, асық атты
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Қызылордада қала әкімдігі журналистерге арнап спорттық шаралар өткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті БАҚ өкілдері арасында арқан тарту, асық ату, қол күрес және роликті коньки тебуден жарыстар өтті.
Жарысқа 72 адам, яғни 9 команда қатысты. Арқан тарту жарысының қорытындысы бойынша І орынды «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасы, ІІ орынды «Қоғам ТВ» телеарнасы иеленсе, ІІІ орын «Қызылорда таймс» газетіне бұйырды.
Қол күресі жарысының қорытындысында Қожаев Нұрлыбек, Музарапшин Нұржан, Қожамұратов Бауыржан (үшеуі де «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының қызметкерлері) жеңімпаз болды.
Сонымен бірге асық ату, роликті коньки тебу сайыстары бойынша да жеңіс тұғырынан табылған журналистер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30