«KAZsport» телеарнасы дзюдодан Әлем чемпионатын көрсетеді
«KAZsport» телеарнасы 24-30 тамыз аралығында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді.
«Дзюдо Федерациясы» РАА мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған дзюдодан Әлем чемпионатын көрсетудің эксклюзивті құқығын беру туралы келісімге қол жеткізіліп, тиісті Шартқа қол қойылды.
Аталмыш шара 24-30 тамыз аралығында «Алау» мұз айдынында өтеді. «KAZsport» телеарнасы чемпионаттың іріктеу және финалық кездесулерін тікелей эфирден көрсетеді. Таңертеңгі кездесулер сағат 11:00-де, ал кешкі белдесулер сағат 17:00-де басталады.
«KAZsport» телеарнасының редакторлары мен комментаторлары шараның өткізілетін жерінде жұмыс істеп, эксклюзивті материалдар, спортшылар мен жаттықтырушылар штабымен әңгімелесу сұхбаттар әзірлейді.
Бүгінгі таңда 123 елден 823 спортшы чемпионатқа қатысатынын растап, шараны жан-жақты баяндау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 160 БАҚ өкілі тіркеуден өткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25