Дзюдо. ӘЧ. Олеся Куценко мен Ленария Мингазова (52 келі)
Астанада 24-30 тамыз аралығында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Қыздар арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан Ұлттық құрамасы атынан Олеся Куценко мен Ленария Мингазова күреседі.
Олеся КУЦЕНКО
Туған күні: 1990-08-13
Туған жері: Маңғыстау облысы
Салмақ дәрежесі: 52 келі
Бапкері: А.Протасов
Жетістіктері: жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Санто-Доминго, Доминика Республикасы, 2006 ж.), Әлем Кубогының жеңімпазы (Ташкент, 2012 ж.), Еуропа Кубогының қола жүлдегері (Прага, 2012 ж.), Гран-при жарысының екі дүркін күміс жүлдегері (Алматы, Ташкент, 2013 ж.), Лондондағы Олимпиада ойындарына (2012 ж.) және Бразилиядағы Әлем чемпионатына (2013 ж.) қатысушы, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2013 ж.).
Ленария МИНГАЗОВА
Туған күні: 1986-03-20
Туған жері: Тараз
Салмақ дәрежесі: 52 келі
Бапкері: Е.Далабай
Жетістіктері: халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ел біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 ж.), «Әлем Кубогы» Халықаралық турнирінің IIIорын иегері (Чехия, 2011 ж.), «Әлем Кубогы» Халықаралық турнирінің II орын иегері (Өзбекстан, 2011 ж.), Шығыс-Азия ойындарының чемпионы (Тайланд), Азия чемпионатының IIIорын иегері (Тайпей, 2009 ж.).
Еске сала кетейік, Астана қаласындағы дзюдодан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00
Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы
10.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы жүлдеге таласады
10.05.2026, 15:35
Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің чемпионы
09.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстандық үш дзюдошы жүлдеге таласады
09.05.2026, 17:01
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15
Еуропа лигасы және Конференция лигасы: финалистер анықталды
08.05.2026, 09:00