Құсбегілердің қырандарына чип орнатылып жатыр
Қыран құс ұстап, саятшылық ету қазақтың байырғы салты. Қазіргі уақытта да елімізде бүркіт ұстап отырған жандар баршылық. Қазақстан бойынша ресми тіркелген 270 бүркіт бар екен. Оларға құжат беру жұмыстары толығымен аяқталған. Бүгінде енді әрбір құсқа чип орнату жүріп жатыр.
Саятшы Ерлан Кенжетаевтың қолында 3 бүркіт пен 2 қаршыға бар. Саятшылықты жанына серік еткеніне 5 жыл болыпты. Құс салып, аң аулағанды жаны сүйеді. Бүркітті күтіп, баптауға ерекше көңіл бөледі. Оның айтуына қарағанда бүркітке чип орнату аңшы қаруына рұқсат еткенмен бірдей дүние.
«Бір жерде жүргенде тексеретіндер болса, тек чиппен қарап тексереді ғой. Құсқа қатысты деректердің барлығы чибінде жазылып тұрады. Сол үшін керек. Шетелге шығу үшін, шекарадан өту үшін, бір жерге жарыстарға шақырып жатса осы чиптің пайдасы тиеді», -дейді саятшы.
Чип бүркіттің кеудесіне шприц арқылы орнатылады. Бұл қондырғы болмаса, бүркіт заңсыз алынған болып есептеледі. Жазасы жеңіл емес. 1 миллион теңге айыппұлдан бастап, 2 жыл бас бостандығынан айырылу мүмкін.
«Қансонар» қоғамдық бірлестінің Астана қаласы бойынша атқарушы диекторы Владимир Земблевский бұрын саят құстарына сақина салынғанын, ол құсқа зиян екенін айтты. «Бұрын біз бүркіттерге сақина салатынбыз. Оның құсқа зақым келдіру ықтималдылығы жоғары. Қажайды. Суық, аязды күндері металлдан жасалған бұйым кері әсер етеді. Ал чиптің еш зияны жоқ. Көлемі кішкентай. Халықаралық талапқа сай. «Ситиз» деген ұйыммен бекітілген»-деді ол. Толығырақ Ұлттық арнаның кешкі жаңалықтарынан көріңіздер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Paris Saint-Germain Academy ашылады!
04.08.2026, 16:40
Жеңіл атлетикадан U20 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
04.08.2026, 15:45
Марк-Андре тер Штеген «Аякс» ойыншысы атанды
04.08.2026, 12:00
Болашақ ойындары – 2026 рекорд жаңартуға жақын!
03.08.2026, 18:00
Жібек Құламбаева W100 турнирінің жеңімпазы атанды
02.08.2026, 16:35
Қазақстандық жасөспірім балуандар Әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
02.08.2026, 11:30
Қазақстан әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
01.08.2026, 14:25
Робот-ит турнирдің басты жұлдыздарының біріне айналды
31.07.2026, 16:45