Ержан Шынкеев - «Қазақстан барысы - 2018» атанды

Астанада «Қазақстан барысы-2018» турнирі өз мәресіне жетті. Қарағанды облысының атынан бозкілемге шыққан Ержан Шынкеев бас жүлдені жеңіп алды.

Осыған дейін «Әскер барысы» атанып үлгерген Ерасыл Қажыбаевқа бұл жолғы доданың екінші орны бұйырды. Шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров 3-ші орынды місе тұтты. IV орын «Оңтүстік барысы» Ерсұлтан Мұзафаров – палуанға белгілі кәсіпкер, меценат Оралбек Ботбай жеңіл көліктің кілтін сыйлады.  

 

Былтырғы жылғы «Қазақстан барысы» Еламан Ерғалиев ширек финалда Ерасыл Қажыбаевқа есе жіберген болатын.Сондай-ақ, биылғы «Қазақстан барысы» республикалық турнирі  сенсациясыз қалмады. Турнирдің басты фавориттері саналған Мұхит Тұрсынов, Руслан Әбдіразақов, Ұлан Рұсқыл сынды палуандар алғашқы айналымдарда сүрінді.

 

«Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған балуан 25 миллион теңге сыйақы еншіледі. Және әрбір жеңісіне 100 мың теңгеден берілді. Биылғы турнирде 14 облыстан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 37 балуан бақ сынады.

 

Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды