Маттео Боничиолли бапкерлік қызметінен кетті
«Астана» баскетбол клубы бас бапкер Маттео Боничиоллимен келісімшартты үзді. Италиялық маман қазақстандық клубты жаттықтырған екі маусымда Қазақстан ұлтық лигасында екі рет чемпиондықты жеңіп алды. Үш рет ел Кубогын иемденді. 2012/2013 жылы «Астана» командасы ВТБ лигасының плей-офф кезеңіне шықты.
Маттео Боничиолли осы жазда баскетболдан Қазақстан құрамасына жетекшілік етті. Ел құрамасы Азия құрлығында 8-орынға жайғасты. Топтық кезеңде Бахрейн, Тайланд және Үндістан құрамаларын ұтты.
«Астана» командасы ВТБ Лигасындағы кезекті матчын 7 желтоқсанда «Химки»-мен өткізеді. Баскетболшылар бас жаттықтырушының міндетін уақытша атқарушы Виталий Стребковтің жетекшілігімен алаңға шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30