«Астана» баскетболшылары ВТБ Лигасының плей-офф кезеңіне шықты
«Астана» баскетболшылары чемпионаттың шешуші ойынында сырт алаңда Санкт-Петербург қаласының «Зенит» командасын 88:85 (18:16, 26:22, 21:26, 23:21) есебімен ұтты. Осылайша қазақстандық команда ВТБ Лигасының плей-офф кезеңіне шықты.
«Астана» сапында 32 ұпай жинаған Рашид Махалбасич ең нәтижелі ойыншы атанды.
«Зенитке» тартысты ойын өткізгені үшін алғыс білдіремін. Биыл олар чемпионатта жақсы ойын көрсеткен. Мен Василий Карасевке маусым бойы «Зениттің» шапшаң әрі агрессивті ойынына тәнті болғанымды айтқанмын. Чемпионаттың соңына таман бізде жарақат алғандар саны көбейіп кеткен еді. Ойын барысында Джекован Браун шығып қалды. Алайда, қосалқыда отырған ойыншылар бізге қатты көмектесті. Бұл нәтижеге қуаныштымын», - дейді «Астана» баскетбол клубының бас бапкері Рамунас Бутаутас.
Енді плей-офф кезеңінде астаналық клуб чемпионаттың қазіргі чемпиондары мәскеулік ЦСКА командасымен ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30