«Астана» баскетбол клубы ВТБ Біріккен Лигасындағы маусымын аяқтады
«Астана» баскетболшылары өз алаңында өткен ВТБ Біріккен Лигасы плей-офф кезеңінің 1/4 финалында мәскеулік «ЦСКА» командасынан жеңілді. Кездесу нәтижесі – 75:111 (19:29, 25:28, 14:27, 17:27) ЦСКА пайдасына. Өз алаңында өткен үшінші шешуші кездесуде астаналықтар бар күш-жігерін салып ойнағанымен, қарымы мықты қарсыластардың алдын орап кете алмай жеңіліп қалды. Осылайша екі команда арасындағы серия 0:3 есебімен аяқталып, «Астана» ВТБ Біріккен Лига аясындағы маусымын аяқады. «ЦСКА-ны жеңісімен құттықтаймын. Армиялықтар жоғары деңгейдегі команда екендіктерін кезекті рет дәлелдеді. Біз бүгін күшіміз бен шеберлігіміз жеткенше қарсылас таныттық», - деді «Астана» БК бас бапкері Рамунас Бутаутас. Фото: bcastana.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30