Сочи Олимпиадасына баратын спортшылардың ресми тізімі жарияланды
Ресейдің Сочи қаласында өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық ресми делегацияның құрамына 102 адам кірді. Дүбірлі додаға 58 лицензия жеңіп алған 50 сайыпқыранымыз спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Жаттықтырушылар мен қызмет көрсетуші адамдардың жалпы саны – 40. Сонымен қатар Халықаралық Олимпиада комитетінде тіркелген 5 журналист пен 5 ресми тұлға бар.
Сондай-ақ бүгін Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берген сұхбатында ҚР Спорт және денен шынықтыру агенттігінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамитұлы ресми делегациядан бөлек, спортшыларға қолдау білдіруге қысқы спорт түрлерінің ардагерлері мен жас спортшылары, бұқарлық ақпарат құралдарының 44 өкілі барады және олардың шығынын агенттік көтереді деп мәлімдеді.
СОЧИ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ РЕСМИ ТІЗІМІ:
Шаңғы - Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Марк Старостин, Евгений Величко, Сергей Черепанов, Денис Волотка, Роман Рогозин, Анастасия Слонова және Татьяна Осипова.
Конькимен жүгіру - Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев және Екатерина Айдова.
Мәнерлеп сырғанау -Абзал Рақымғалиев және Денис Тен.
Шорт-трек - Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Аслан Даумов және Инна Симонова.
Фристайл. Могул - Дмитрий Рейхерд, Дмитрий Бармашов, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Дарья Рыбалова. Акробатика - Сергей Берестовский, Бағлан Іңкәрбек, Жібек Арапбаева және Жанбота Алдабергенова.
Биатлон - Диас Кенешев, Ян Савицкий, Сергей Наумик, Антон Пантов, Александр Трифонов, Елена Хрусталева, Марина Лебедева, Дарья Усанова, Алина Райкова және Галина Вишневская.
Шана спорты - Елизавета Аксенова.
Тау шаңғысы - Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин, Хубер Мартин және Екатерина Черепанова.
Шаңғымен тұғырдан секіру - Алексей Пчелинцев.
Сноуборд - Валерия Цой.
Айта кетейік, Сочи Олимпиадасының ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Ал байрақты бәсекеде еліміздің көк туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55