Дзюдо күресін тамашалау үшін елордаға 1 мыңға жуық бапкер мен лауазымды тұлғалар келеді
2015 жылдың 24-30 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елімізде алғаш рет дзюдодан Әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 123 мемлекеттен 823 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар.
Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 160 журналист тіркеуден өтуге өтініш жасады. Бұл чемпионат Олимпиада қарсаңында өткізілетіндіктен, барлық мемлекеттер үшін маңызды.
Әлем біріншілігі «Алау» мұзайдынында өткізіледі. Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және соңғы күні командалар өзара сынға түседі.
Халықаралық дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен ресми баспасөз-конференциясы бүгін, 23 тамыз күні сағат 14:30-да «Риксос» қонақ үйінде өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25