Астанада дзюдодан 2015 жылғы Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті
Әлемдік додаға 120 елден 723 спортшы (432 ер, 297 әйел) қатыспақ.
Жарыстың іріктеу белдесулері күнде сағат 11:00-де «Алау» мұз айдынында өтеді. Ал, финалдық жарыстар кешкі сағат 17:00-ден басталады.
2015 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан Ұлттық құрамасының жүлдеге деген басты үміткерлерінің бірі, жасөспірімдер арасындағы 2010 жылдың Әлем чемпионы Елдос Сметов (60 келі) шығады. Оның бірінші қарсыласы финляндиялық – Йуго Рейнвалл. Сонымен қатар, бұл салмақта күресетін тағы бір қазақстандық Рустам Ыбраев болгариялық Янислав Герчевпен белдеседі.
Қыздар арасында турнирдің бірінші күні 48 келіде Александра Подрядова мен Отгонцэцэг Галбадрах шығады. А.Подрядова жарыстың екінші айналымында ресейлік Алеся Кузнецовамен, ал Галбадрах Оңтүстік Корея спортшысы Кионг Жонмен кездеседі.
Айта кетейік, дзюдодан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25