Әлем чемпионаты – 2015. Азамат Мұқанов жарыстан шығып қалды
Дзюдодан Әлем чемпионатының екінші күнінде ерлер (66 келі) мен қыздар (52 келі) сынға түсуде.
Кеше палуандарымыз үшін сәтті күн болды. 60 келідегі Елдос Сметов Әлем чемпионы атанса, осы салмақтағы тағы бір қазақстандық спортшы Рустам Ыбраев чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, қыздарымыз жүлделі орынға іліге алмады.
Чемпионаттың екінші күні жерлестеріміз үшін сәтсіз басталды. Дзюдодан Ұлттық құраманың капитаны 66 келідегі Азамат Мұқановты төрешілер франциялық спортшыға ережеге сай емес әдіс қолданды деп жарыстан шеттеті.
Енді 66 келіде ел намысын Елдос Жұмаханов қорғайтын болады.
Сонымен қатар, қыздар арасында 52 келіде Ленария Мингазова мен Олеся Куценко қатысуда.
Айта кетейік, дзюдодан Әлем чемпионатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасымен «KAZsport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25