Америкалық жаттықтырушылар Плющенконың жеңісіне таңғалуда
АҚШ Олимпиада құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Одри Вейзигер ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко атына көп сын айтты. Оның айтуынша, Плющенкоға төрешілер көтермелеп баға берген, деп хабарлайды USA Today.
Өмірінің 50 жылын бапкерлік қызметке арнаған маман бірнеше мәрте Плющенконың олимпиадалық сырғанауын көріп, өз көзіне өзі сенбеген.
Маманның айтуынша, ресейлік спортшы олимпиадалық деңгейге сай күрделі сырғанау тәсілдерін көрсетудің орнына көрермендерге көп көңіл бөліп кеткен.
«Егер оған қойылған бағаны әділ деп санайтын болсақ, онда мен хореография туралы түсінігімді түбегейлі өзгертуім керек екен», -деді Вейзигер әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Мұзға сырғанауға шыққанда сырғанау бағдарламасын үзбеу керек екенін өз шәкірттеріме ескертіп отырамын. Ал, мынау не? Плющенконы әрине сыйлаймын, бірақ мұз үстіне сырғанау бағдарламасын арагідік тоқтатып, жанкүйерлермен ишара алмасып кетуіне төрешілердің берген бағасын қалай түсінуге болады? Бұны жас спортшыларға, олардың ата-аналарына қалай түсіндірем», деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Евгений Плющенко Сочи Олимпиадасына командалық жарыста мұз айдынына екі рет шығып, қысқа бағдарламада екінші нәтиже көрсетті, еркін сырғанауды бірінші болып аяқтап, Ресей құрамасы сапында Олимпиада алтынын жеңіп алған болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00