Дзюдо. Әзиз Қалқаманұлы мен Мариан Урдабаева ширек финалға шыға алмады
Бүгін Астанада дзюдодан Әлем чемпионатының төртінші күні өтуде. Ерлер арасындағы 81 кеілде сынға түскен қазақстандық Әзиз Қалқаманұлы әлем додасының алғашқы белдесуінде эстониялық Евгений Салежевті жеңген еді.
Алайда, 3-ші раундта ол дзюдодан 2014 жылғы Әлем чемпионы, бес дүркін Еуропа чемпионы және Еуропа Ойындарының жеңімпазы грузиялық Автандил Чрикишвилимен күресті. Тартысты бәсекеде Әзиз бір ғана шидомен есе жіберді.
«Өкінішке қарай, келесі кезеңге өте алмадым. Қарсыласым осал болған жоқ. Енді қателіктерді түзетіп, басқа да жарыстарға дайындаламыз», - деді жарыстан кейін Әзиз Қалқаманұлы.
Қыздар арасында 63 келі салмақ дәрежесінде күрескен Мариан Урдабаева да үшінші кезеңнен өте алмады. Ол алғашқы айналымда канадалық Стефани Тремблайды жеңіп, екінші кезеңде хорватиялық Андреа Даковичтен басым түсті. Алайда ширек финалға болған белдесуде 2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері жапониялық Мику Таширодан ұтылып қалды.
Фото: confederation.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» «Интерден» 2:1 есебімен жеңілді
06.11.2025, 03:54
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41