Денис Теннің үздік үштікке енуге мүмкіндігі бар
Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сынның еркін бағдарламасына 24 спортшы қатысады. Олар төрт «алтылыққа» бөлінген.
Қазақстандық Абзал Рақымғалиев бірінші топта бесінші болып шығады. Ал Денис Тен еркін бағдарламадағы өз өнерін үшінші топта көрсетеді.
Естеріңзіге сала кетейік, қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша Абзал Рақымғалиев 64,18 ұпай жинап, 20-шы сатыға орналасты. Ал 84,06 ұпай иеленген Денис Тен тоғызыншы орынға тұрақтады.
Көш басында - жапондық Юдзуру Ханю. 19 жастағы спортшы 101,45 ұпай жинап, әлем рекордын жаңартты. 97, 52 ұпай жиғана канадалық Патрик Чан да «алтынға» таласады. Ал үшінші орында тұрған испандық Хавьер Фернандестің ұпайы - 86,98. Бірақ бірнеше спортшының ұпайлары испандық мәнерлеп сырғанаушыдан сәл ғана кем. Олардың ішінде Денис Тен де бар.
Мәнерлеп сырғанаушылар сайысы 20:55-те басталады. Тікелей эфирді «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00