Қазақстандық шаңғышылар эстафеталық жарыста 13-ші келді
Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы 4х10 шақырым қашықтықтағы эстафета аяқталды. Денис Волотка, Сергей Черепанов, Евгений Величко және Марк Старостин «төрттігі» бұл жарыста 13-ші орын алды. Эстафеталық жарыста Швеция құрамасы жеңіске жетті. Олар қашықтықты 1 сағат 28 минут және 42 секундта өтті. Ресейлік шаңғышылар «күмісті», ал Франция құрамасы «қоланы» иеленді. Қазақстандық шаңғышылар жеңімпаздардан 5 минут 29,9 секунд қалып қойды. Айта кетейік, эстафетаға құраманың көшбасшы шаңғышылары Алексей Полторанин мен Николай Чеботько қатыспады. Олар 19-шы ақпанда өтетін жарысқа дайындық үстінде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00