Рио Олимпиадасының үміті: Абылайхан Жүсіпов
Рио Олимпиадасының басталуына 31 күн қалды. Қазақ боксшыларының ішінде болашағынан зор үміт күттіретін жігіттеріміз жетерлік. Солардың бірі Қарағанды облысының түлегі Абылайхан Жүсіпов. Биыл Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысқалы отырған талантты бауырымыздың жолына қазақ елі үмітпен қарайтыны белгілі.
Олай дейтініміз Абылайхан жасөспірімдер арасында жүргенде-ақ, көзге түсіп өз құрбыларының алдында жүрді. Біраз биіктерді де бағындырып үлгерді.
Енді міне ересектер дуына ілесіп алғаш рет ел намысын құрлықтың арғы бетінде абыроймен қорғап қайтуға бел буып отыр. Біз жерлесімізге тек сәттілік жолдас болсын деп тілейік.
Абылайхан Жүсіпов
Туған күні/жылы: 10.01.1997
Туған жері: Қарағанды облысы. Абай ауданы
Салмағы: 64 келі
Бапкері: Б.Аманбаев, А.Райш
Жетістіктері:
Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы (2013);
Жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (2013);
Жасөспірімідер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы (2013);
Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы (2014);
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Абылайхан Жүсіпов Рио Олимпиадасына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері арасындағы турнирде қанжығасына байлады.
Айта кетейік, биыл біздің жігіттеріміз Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құраммен бара жатыр. Бұған дейін төртжылдықтың басты сынына 91 келі салмақ дәрежесінде бірде-бір боксшымыз қатыспаған болатын.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25