Сочи Олимпиадасының ең үздік спортшылары
Ерлер арасында Олимпиаданың ең үздік спортшысы болып, 28 пайыз дауыс жинаған норвегиялық биатлоншы - Уле-Эйнар Бьорндален танылды. Ол Сочи Олимпиадасында екі рет алтын жүлденің иегері атанды. Екінші орынға 27 пайыз дауыс жинаған ресейлік шорт-трекші Виктор Ан жайғасты. Ол үш алтын мен бір қола медаль иесі. Үшінші орынды Олимпиаданы екі алтын, бір күміс жүлдемен тәмамдаған франциялық Мартен Фуркад алды. Ол 12 пайыз дауыс жинады.
Әйелдер арасында 45 пайыз дауыс жинаған беларустық Дарья Домрачева ең үздік деп танылды.
Оның қоржынында Сочи Олимпиадасының үш алтын медалі бар. Екінші орында екі алтын жүлде ұтып алған словениялық тау шаңғышысы Тина Мазе 21 пайыз дауыс жинады. Үшінші орынның иегері норвегиялық шаңғышы қыз - Марит Бьорген 7 пайыз дауыс жинады. Ол Қысқы Олимпиаданың үш алтынын жеңіп алды.
Конькимен жүгірушілер арасында командалық сында топ жарған Голландия конкишілері ең үздік құрама болып танылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10