Қазақстандық боксшылар Риоға 28 шілдеде аттанады
Қазақстан бокс құрамасының Олимпиада өтетін Рио қаласына аттануына үш күн қалды.
Қазіргі таңда ұлттық құрама Астанада соңғы дайындықтарын өткізіп жатыр. Оларға жаттығуда Колумбия, Доминикан, Мексика мен АҚШ-тан келген 9 боксшы көмектесіп жатыр. Олардың қатарында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам да бар. Жерлесіміз команда капитаны 69 келідегі Данияр Елеусіновпен бір жұпта жұмыс істеп жатыр. Соңғы спаррингтік кездесулер 25 және 27 шілдеде өтеді. Ал 28 шілдеде былғары қолғап шеберлеріміз Риоға аттанады, деп хабарлайды Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, төртжылдықтың басты бәсекесі Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 5-21 тамыз аралығында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25