Қанат Ислам Данияр Елеусіновті Олимпиадаға дайындауда
Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам Қазақстанның бокстан Ұлттық құрамасына Олимпиадаға дайындық барасында көмек көрсетіп жатыр. Жерлесіміз команда капитаны 69 келідегі Данияр Елеусіновпен бірнеше рет шаршы алаңға шығып, дайындық кездесуін өткізді.
«Боксшылардың дайындығы жақсы. Олар Олимпиадада жақсы өнер көрсетуге дайын. Енді жақсы дайындық тиісті нәтижесін берсе деп тілеймін. Олимпиадаға қатысатын 10 боксшының бәрі де жүлде үшін таласа алады. Біз боксшыларға қолдау көрсетіп қана көмектесе аламыз», – дейді Қанат Ислам.
Қанат Ислам шаршы алаңда қәсіби боксшы ретінде өткізген 21 жекпе-жегін жеңіп, қарсыластарын 18 рет нокаутқа жіберген.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 5-21 тамыз аралығында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25