Нидерланд футболшылары Австралия құрамасын 3:2 есебімен ұтты
Нидерланд құрамасы футболдан Әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Луи ван Гал шәкірттері бұл жолы Австралия құрамасын 3:2 есебімен ұтты.
Ойынның 20-шы минутында Арьен Роббен есеп ашты. Бұл – шабуылшының чемпионаттағы үшінші голы. Араға бір минут салып Тим Кэйхилл таразы басын теңестірді.
Екінші таймның басында Миле Единак пенальтиді мүлткісіз орындап, Австралия құрамасын алға шығарды. Дегенмен австралиялықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Робин ван Перси есепті теңестірсе, Мемфис Депай жеңіс голын соқты.
Екі ойыннан кейін Нидерланд құрамасы 6 ұпаймен топ басында, ал Австралия құрамасында әзірге ұпай жоқ.
B тобы
Австралия – Нидерланд – 2:3 (1:1).
Голдар: Роббен, 20 (0:1). Кэйхилл, 21 (1:1). Единак, 54 (2:1). Ван Перси, 57 (2:2). Депай, 68 (2:3).
Австралия: Райан, Макгоуан, Шпиранович, Уилкинсон, Дэвидсон, Леки, Маккей, Единак, Брешиано (Бозанич, 52), Оар (Тэггарт, 77), Кэйхилл (Хэллоран, 68).
Нидерланд: Силлессен, Де Фрай, Флар, Мартинс Инди (Депай, 45+2), Янмат, Де Гузман (Вайналдум, 78), Де Йонг, Снайдер, Блинд, Ван Перси (Ленс, 87), Роббен.
Ескерту алғандар: Кэйхилл, 43. Ван Перси, 47.
Төрешілер: Хаймуди (Алжир), Ашик (Марокко), Этшиали (Алжир).
18 маусым. Порту-Алегри. «Бейра-Рио» стадионы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00