Германия мен АҚШ плей-офф кезеңіне өтті
Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы турда Германия құрамасы АҚШ футболшыларын 1:0 есебімен ұтты. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды ойынның 55-ші минутында шабуылшы Томас Мюллер соқты.
Айта кетейік, Йоахим Лев командасы 1/8 финалға өз тобынынан бірінші орынмен шықты. АҚШ құрамасы бүгінгі ойындағы жеңіліске қарамастан, G тобында екінші орынды иеленді.
1/8 финалда АҚШ футболшылары Н тобының жеңімпазымен кездеседі, ал осы топта екінші орын алған команда Германия футболшыларына қарсылас атанады.
G тобы
АҚШ – Германия – 0:1 (0:0).
Гол: Мюллер, 55.
АҚШ: Ховард, Джонсон, Гонсалес, Беслер, Бисли, Зуси (Йедлин, 84), Джоунс, Бекерман, Брэдли, Дэйвис (Бедоя, 59), Демпси.
Германия: Нойер, Боатенг, Хуммельс, Мертесакер, Хеведес, Лам, Швайнштайгер (Гетце, 76), Кроос, Езил (Шюррле, 89), Подольски (Клозе, 46), Мюллер.
Ескерту алғандар: Хеведес, 11. Гонсалес, 37. Бекерман, 62.
Төрешілер: Ирматов, Расулов (екеуі де - Өзбекстан), Кочкаров (Қырғыз Республикасы).
26 маусым. Ресифи. «Пернамбукану» стадионы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00