Тікелей эфирде - Франция мен Германия ойыны

Германия мен Франция құрамасы топтық кезеңнен оңай шықты. 1/8 финалда екі құрама да айқын фаворит саналғанымен, жасыл алаңда қарсыластарын әрең ұтты. Йоахим Лев шәкірттері Алжир қақпашысы Раис М’Болидің табандылығына тап болды. Дегенмен, овертаймда Германия футболшыларының жолы болып, ширек финалға өтті. Дидье Дешам шәкірттері 80 минут бойы қақпашы Винсент Эньеама бастаған Нигерия қорғанысын бұза алмады. Матчтың соңында қақпашы қателікке бой алдырып, Поль Погба өз құрамасын келесі кезеңге алып шықты. Ойын 2:0 есебімен Францияның пайдасына шешілгенімен, Нигерия футболшылары бұл ойында тамаша ойын өрнегін көрсетті. Әзірге, екі құраманың ойыншылары бүгінгі ойынға жарақатсыз келді. Тек Германияның оң қапталдағы қорғаушысы Шкодран Мұстафидің аздаған жарақаты бары. Оның орнына орталық алаңда ойнаған Филлип Лам қайта оралуы мүмкін. Сол уақытта орталық алаңда Хедира — Кроос — Швайнштайгер үштігі құрылады. Ал каптиан оң қапталдағы жауапкершілікті өз мойнына алады. Франция құрамасының ойыншылары да сақадай-сай. Алайда, шабуылшы Карим Бензема екі ойын қатарынан гол соғатын сәттерді ұтымды пайдаланбай келеді. Германия құрамасымен өтетін ойында мұндай мүмкіндіктер жиі болмайды. Сондықтан, Дидье Дешам шәкірттеріне дәлдік қажет. Дегенмен, бүгінгі ойында көп гол күтуге болмайды. Матч Бразилия уақытымен күндіз өтеді. Соңғы ойында екі бапкердің де тек нәтижеге ойнайтынын көрсетті. Сондай-ақ, матч тек негізгі уақытпен шектелмеуі ықтимал. Франция құрамасы: Қақпашылар: Юго Ллорис («Тоттенхэм», Англия), Стефан Рюффье («Сент-Этьен»), Микаэль Ландро («Бастия»). Қорғаушылар: Матье Дебюши («Ньюкасл», Англия), Люка Динь («ПСЖ»), Эвра («Манчестер Юнайтед», Англия), Бакари Санья, Лоран Косьельни (екеуі де – «Арсенал», Англия), Эльяким Мангаля («Порту», Португалия), Мамаду Сако («Ливерпуль», Англия), Рафаэль Варан («Реал», Испания). Жартылай қорғаушылар: Блез Матюиди, Йоан Кабай (екеуі де – «ПСЖ»), Клеман Гренье («Лион»), Рио Мавуба («Лилль»), Поль Погба («Ювентус», Италия), Мусса Сиссоко («Ньюкасл», Англия), Матье Вальбуэна («Марсель»). Шабуылшылар: Оливье Жиру («Арсенал», Англия), Карим Бензема («Реал», Испания), Реми Кабелья («Монпелье»), Антуан Гризманн («Реал Сосьедад», Испания), Лоик Реми («Ньюкасл», Англия). Бас бапкер - Дидье Дешам. Германия құрамасы: Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»), Роман Вайденфеллер («Боруссия» Д), Рон-Роберт Цилер («Ганновер»). Қорғаушылар: Жером Боатенг, Филипп Лам («Бавария»), Эрик Дурм, Кевин Гросскройц, Матс Хуммельс (барлығы – «Боруссия» Д»), Бенедикт Хеведес («Шальке»), Пер Мертесакер («Арсенал», Англия), Маттиас Гинтер («Фрайбург»). Жартылай қорғаушылар: Юлиан Дракслер («Шальке»), Марио Гетце, Тони Кроос, Томас Мюллер, Бастиан Швайнштайгер (барлығы – «Бавария»), Кристоф Крамер («Боруссия» Менхенгладбах), Сами Хедира («Реал», Испания), Месут Езил («Арсенал», Англия), Марко Ройс («Боруссия» Дортмунд). Шабуылшылар: Мирослав Клозе («Лацио», Италия), Лукас Подольски («Арсенал», Англия), Андре Шюррле («Челси», Англия). Бас бапкер – Йоахим Лев.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ресми: Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Дастан Сатпаев – әлемдегі ең қымбат жас футболшылардың қатарында
Азия кубогында садақ атудан Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді
Астанада өтетін World boxing cup турниріне қатысатын ел құрамы белгілі болды
Теннис: Зарина Дияс жартылай финалға өтті
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді жеңді
Қазақстан U23 құрамасы Азия чемпионатының бірінші күні 6 медальға ие болды
«Реал» мен «Аль-Хиляль» тең тарқасты
Ресми: Жоан Гарсия «Барселонаның» қақпашысы атанды
Оралда дәстүрлі садақ атудан Қазақстан біріншілігі өтті
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді
Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
Дарын Қонысбаев Азия кубогының жеңімпазы атанды
Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирінде бес медальға ие болды
Параволейболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды
Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті