Рио Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған спортшыларға 250 мың АҚШ долларынан беріледі
ҚР Спорт және мәдениет министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, Олимпиада ойындарында үздік алтылыққа енген бапкерлер мен құрама команда мүшелері қаржылай ынталандырылады.
«Спортшыларды қаржылай ынталандыру АҚШ долларына баламды мөлшерде теңгемен төленеді және ол өзгеріссіз қалды:
1-орынға - 250 мың АҚШ доллары, 2-орынға - 150 мың АҚШ доллары, 3-орынға – 75 мың АҚШ доллары, 4-орынға - 30 мың АҚШ доллары, 5-орынға - 10 мың АҚШ доллары және 6-орынға - 5 мың АҚШ доллары», - делінген informburo.kz редакциясының ресми сауалына.
Төлемақы мөлшерлері РҚ Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес бекітілген.
Айта кетсек, XXI жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында Бразилияда өтеді. Олимпиада ойындарын «Kazsport» және «Қазақстан» телеарналары көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25