Инчхон-2014. 29 қыркүйек. Бүгін қазақстандық спортшылар 6 алтын медаль алды

Таңертеңнен бастап ескек есушілер Қазақстан құрамасының қоржынына медаль сала бастады. Алтын медальді екі адамға арналған каноэда ағайынды Михаил мен Тимофей Емельяновтар және осы қашықтықта екі орындық байдаркада Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов иеленді. Сонымен қатар, 200 метр қашықтықта жекелей сында Инна Клинова 1-ші орын алды. Ал 1000 метр қашықтыққа жарысқан төрт адамдық байдаркадағы ерлер құрамасы мен екі адамдық байдаркадағы әйелдер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды. Азия ойындарында күміс медальді каноэдан 1000 метр қашықтыққа жарысқан Сергей Емельянов алды. Сонымен қатар, ол 200 метрде, ал Наталья Сергеева 500 метрде 5-ші келді. Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов 200 метрдегі екі адамдық байдаркада өздерінің алтын жүлделеріне «күміс» қосты. 500 метрдегі төрт адамдық байдаркадан Қазақстанның әйелдер құрамасы мен Юрий Березинцев 1000 метрдегі бір адамдық байдаркада Азия ойындарының «қоласын» алды. Волейболдан ерлер құрамасы Мальдив аралының спортшыларын ұтты. Үстел теннисінен Кирилл Герасименко жарысты сәтті бастады. Жағажай волейболында Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко Азия ойындарының чемпиондары атанды. Бокс сайысының ширек финалына Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) шықты. Ол өз қарсыласын нокаутпен жеңді. 69 келі салмақта жұдырықтасқан Данияр Елеусінов жартылай финалға өтті. Ал Әділбек Ниязымбетов (81 келі) өзінің бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Баскетболдан ерлер құрамасы Таиландты жеңіп, енді 5-ші орын үшін ойнайды. Еркін күресте Дәулет Ниязымбетов (61 келіге дейін) «қола» үшін болған белдесуде есе жіберді. Есболат Нұржұмбаев (86 келіге дейін) пен Дәулет Шабанбай (125 келі) финалда жеңіске жете алмай, Азия ойындарының күміс медалін иеленді. Жеңіл атлетикадағы биіктікке секіру жарысында Юрий Дергачев пен Виталий Цыкунов 6-шы және 14-ші орын алды. Ал жүгіруден ерлер құрамасы финал жолдамасына ие болды. Медаль жиынтығы: 1. Қытай — 238 (112, 72, 54) 2. Оңтүстік Корея — 146 (44, 50, 52) 3. Жапония — 132 (35, 47, 50) 4. Қазақстан — 53 (15, 16, 22). Инчхондағы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының медальдары: «Алтын» (15): Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), траптан әйелдер құрамасы (стендтік оқ ату), Дмитрий Баландин — үш (жүзу), ерлер құрамасы (теннис), Ольга Довгун (оқ ату), Алексей Луценко (велоспорт), ерлер құрамасы (жағажай волейболы), ерлер төрттігі, Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов, Михаил және Тимофей Емельяновтар, Наталья Сергеева мен Ирина Подойникова, Инна Клинова (барлығы — байдарка мен каноэ); «Күміс» (10): Алмас Өтешов, Зульфия Чиншанло, Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Максим Раков, ерлер құрамасы (дзюдо), Екатерина Руденко — екі (жүзу), Светлана Германович пен Мария Васильева (академиялық ескек есу), Ришат Ливеншо (у-шу), Расул Қалиев, Гюзель Манюрова, Есболат Нұржұмбаев, Дәулет Шабанбай (барлығы – еркін күрес), Наталья Сергеева, Сергей Емельянов, Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов (барлығы — байдарка мен каноэ); «Қола» (18): Александра мен Екатерина Немич, қыздар құрамасы (синхронды жүзу), Бақтияр Ибраев, Андрей Могилевский, әйелдер құрамасы – бір, ерлер құрамасы – екі қола (барлығы – оқ ату), Ленария Меңғазова, Азамат Мұқанов, Мариан Ордабаева (барлығы — дзюдо), саблядан әйелдер құрамасы, шпагадан ерлер құрамасы (екеуі де — семсерлесу), әйелдер құрамасы (теннис), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (у-шу), Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, ерлер төрттігі (барлығы — академиялық ескек есу), әйелдер құрамасы (су добы), Татьяна Аманжол, Мамед Ибрагимов (екеуі де – еркін күрес), Ольга Сафронова (жеңіл атлетика), әйелдер төрттігі, Юрий Березинцев (барлығы — байдарка мен каноэ).

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті
Астана алғаш рет баскетболдан әлем чемпионатын өткізеді
АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Ресми: Тиджани Рейндерс «Манчестер Сити» сапына қосылды
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Кевин Де Брюйне «Наполи» ойыншысы атанды
Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы Азия Чемпионатында Жапонияны жеңдІ
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды
Ресми: Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Солтүстік Македония жеңіске жетті
Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс жүлдегер атанды
Криштиану Роналду Португалиямен үшінші рет чемпион атанды
Карлос Алькарас «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы атанды
Франция Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды
Геннадий Головкин ХОК ұйымдастырған Sport for a Better World саммитіне қатысты
Испания Францияны жеңіп, Ұлттар лигасының финалына шықты
Футболдан Қазақстан командасы жолдастық кездесуде Беларусь құрамасына есе жіберді