Грек-рим күресі. Тінәлиев – Азия ойындарының финалында!
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында грек-рим палуандарының бәсекесі жалғасты.
66 келі салмақта күрескен Асхат Жаңбыров ширек финалда өзбекстандық Эльмурат Тамурадовқа 0:3 есебімен есе жіберді.
75 келіде Досжан Қартықов қытайлық Бин Янды 5:0 есебімен жеңді.
Нұрсұлтан Тұрсынов (85 келіге дейін) өзбекстандық Рустам Ассакаловтан аса алмады. Есеп – 0:5.
Нұрмахан Тінәлив (130 келіге дейін) ирандық Башир Бабаджанзаде Дарзиді 3:0 есбімен ұтып, жартылай финалға өтті.
Жартылай финалда Қартықов кореялық Хьёнву Кимге (66 келідегі Лондон Олимпиадасының чемпионы) 0:5 есебімен ұтылып қалды.
Нұрмахан Тінәлив қырғыз Мұрат Рамоновты 3:1 есебімен ұтып, финалға шықты.
Нұрсұлтан Тұрсынов ынталандыру белдесуінде Лаос елінің палуаны Кхонекеоны (4:0) жеңіп, қола медаль үшін қытайлық Вый Пенмен күреседі.
Досжан «қола» үшін қырғыз Самат Ширдаковпен бозкілемге шығады.
Нұрмахан болса, Азия ойындарының алтын жүлдесі үшін кілем қожайыны Йонгмин Киммен күреседі.
Досжан Қартықов (75 келі) «қола» үшін Астана уақыты бойынша сағат -16:20-да, Нұрсұлтан Тұрсынов (85 келі) – 17:00-де, ал Нұрмахан Тінәлиев (130 келі) – 17:30-да күреседі.
Фото: wrestling.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10
Хулиан Альварес «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
12.05.2026, 15:35
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
12.05.2026, 14:30
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
11.05.2026, 23:00
Қазақстандық дзюдошылар Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде рекорд орнатты
11.05.2026, 21:31
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00