Инчхон-2014. Қазақстандық Зульфия Габидуллина әлемдік рекорд жаңартып, «алтын» иеленді
Жүзуден паралимпиадашылар арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы, қазақстандық Зульфия Габидуллина Инчхонда өтіп жатқан Азия Пара-ойындарының чемпионы атанды.
Отандасымыз 50 метр қашықтықты еркін әдіспен 46,40 секундта жүзіп өтіп, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Екінші орынды Сингапур елінің спортшысы Тереза Го иеленсе, қытайлық Бай Цзюань қола жүлде алды.
Осыдан кейін қазақстандық жүзушілер эстафетада тағы екі медаль ұтып алды. 4х100 эстафетасында жерлестеріміз «қола» алса, ал әртүрлі әдіспен 4х100 эстафетасында 5-ші алтын медаль иеленді.
«Бұл менің көптен бергі мақсатым еді. Мені қолдап, жарысқа дайындаған бапкеріме мың алғыс. Қарсыластар мықты болды. Мысалы, сингапурлық жүзуші Гуанчжоуда чемпион атанған еді. Бірақ біз оларға дайындалдық», - дейді Зульфия Габидуллина.
Таңғы сессияда жүзушілеріміз тағы екі медаль иеленген болатын. Әнуар Ахметов Инчхондағы өзінің үшінші алтын жүлдесін алды. Ол 100 метрдегі брасс әдісінде чемпион атанса, тағы бір қазақстандық Андрей Афанасьев күміс медаль алды.
Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар жеңіл атлетикадан да жүлде иеленді. Аманат Қалқаев 200 метр қашықтыққа жүгіру жарысында қола медаль жеңіп алды.
Осылайша Қазақстан құрамасында 20 жүлде (6 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль) бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10
Хулиан Альварес «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
12.05.2026, 15:35
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
12.05.2026, 14:30
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
11.05.2026, 23:00
Қазақстандық дзюдошылар Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде рекорд орнатты
11.05.2026, 21:31
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00