Геннадий Головкин Ванес Мартиросянды нокаутқа жіберді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 39-кездесуінде америкалық Ванес Мартиросянды айқын басымдықпен жеңді. Лос-Анджелестегі бокс кешінің басты жекпе-жегі 2 раундқа ғана созылды.
Жекпе-жектің алғашқы раундын екі боксшы да сақ бастады. Головкиннің әдеттегідей шабуылға толық басымдықты бермей, қорғанысты да назарға алды. Бір-бірінің осал тұсын аңдыған боксшылар бір-екі сәтте жойқын соққы алмасты. Мартиросян оңай шағылар жаңғақ емесін дәлелдегендей. Қазақстандық боксшы рингте бірінші нөмірмен жұдырықтасса, Ванес болса қарымта шабуылдарда қарсыласын талдыруға барынша тырысты.
Бірақ, екінші раундтың орта тұсында отандасымыздың жойқын соққыларына шыдай алмаған Ванес Мартиросян нокаутқа түсті.
36 жастағы Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі 39 кездесуінің ешқайсысында жеіліс дәмін тартып көрмеген. Ол WBC, WBA Super жәнеIBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеуін тағы да қорғап қалды.