"Барыс" хоккей клубы "Торпедоны" жеңді
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф кезеңі аясында астаналық "Барыс" хоккей клубы өз айдынында "Торпедоны" қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалдық серия аясындағы бесінші матчта Скабелка шәкірттері алғашқы қос периодта жауапсыз үш шайба соқты. Алаң иелері сапынан Фрэттин, Бочински және Петерссон мергендігімен көзге түсті. Үшінші кезеңде "Торпедо" сапынан жалғыз шайбаны Саболич өз еншісіне жазды.
Бұл ойыннан соң қазақстандық клуб плей-офф сериясында 3:2 есебімен алға шықты. Келесі кездесу 8 наурыз күні Нижний Новгорд қаласында өтеді. Егер ол ойында "Барыс" жеңіске жетсе, 1/4 кезеңге жолдама алады.
Барыс" – "Торпедо" – 3:1 (2:0, 1:0, 0:1)
1:0 Фрэттин (Михайлис, Блэкер) 06:46
2:0 Боченски (Петерссон) 11:43
3:0 Петерссон (Кормье) 25:08 ГБ
3:1 Саболич (Миле, Назаревич) 41:25
Фото: ХК "Барыс"