«Сарыарқа» - Петров кубогының иегері
«Сарыарқа» хоккей клубы Жоғарғы хоккей лигасы плей-офф кезеңінің финалдық бәсекесінде «Рубинді» төртінші рет жеңіп, Петров кубогының жеңімпазы атанды. Қарағандылықтар серияда 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Қос команда арасындағы ақтық сынның бесінші матчы Түменде өтті. Бірінші кезеңде командалар 1:1 есебімен аяқталды. Үзілістен кейінгі екі кезеңде қарағандылық клуб жауапсыз үш шайба соғып, жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды есеп – 1:4.
Осылайша, «Сарыарқа» хоккей клубы өз тарихында екінші рет Жоғарғы хоккей лигасының чемпионы атанды. Бұған дейін қазақстандық клуб 2014 жылы жеңімпаз атанған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39