Басты Жаңалықтар Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин ХХ жазғы Азия ойындарында 85 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді.

Отандасымыз жұлқа көтеруде 173 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатты. Ал серпе көтеруде 205 келі нәтижесін көрсетті. Қоссайыс қорытындысы бойынша Алексей Чуркин 378 келі жинап, екінші орынға тұрақтады.

Алтын медаль 379 келі нәтижемен Солтүстік Корея өкілі Ро Кван Рёльге бұйырды. Қытай спортшысы Чэнь Шуньхуань 374 келімен қола жүлде алды.

Осылайша, Алексей Чуркин Қазақстан қоржынына ауыр атлетикадан екінші медальді қосты. Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта Аянат Жұмағали күміс жүлдеге ие болған еді.

Бөлісу