Басты Жаңалықтар Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық ауыр атлет ХХ жазғы Азия ойындарында 394 келіні (177+217) бағындырып, ел қоржынына күміс медальді салды.

Жұлқа көтеруде 177 келіні көтерген отандасымыз, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды.

95 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы қос сайыс қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады. Алтын медаль Иран өкілі Әли Әлипурға, қола жүлде Қытай спортшысы Ту Иге бұйырды.

Осылайша, Нұрғиса Әділетұлы Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль қосты.

Бөлісу