Басты Жаңалықтар Теннистен Дэвис Кубогының жеребесі тартылды

Теннистен Дэвис Кубогының жеребесі тартылды

Теннистен Дэвис Кубогының жеребесі тартылды

Теннистен Дэвис Кубогының негізгі кезеңінің жеребесі тартылды. 14-18 қыркүйек аралығында өтетін ерлер арасындағы теннис турнирінде Қазақстан құрамасы АҚШ, Ұлыбритания және Нидерланд құрамаларымен D тобында ойнайды. 

Биылғы жылы Дэвис Кубогының негізгі кезеңінде 16 команда бақ сынайды. Негізгі кезең Еуропаның төрт қаласында: Болонья, Валенсия, Гамбург және Глазго қаласында жоспарланған. Қазақстан құрамасы өз ойындарын Глазго қаласында өткізеді. Жеребе тарту рәсімінің нәтижесі.

А тобы. Болонья (Италия) 

Италия, Хорватия, Аргентина, Швеция.

В тобы. Валенсия (Испания)

Испания, Канада, Сербия, Оңтүстік Корея Республикасы.

С тобы. Гамбург (Германия)

Германия, Франция, Бельгия, Аустралия.

D тобы. Глазго (Шотландия)

Ұлыбритания, АҚШ, Қазақстан, Нидерланд.

Финалдық кезеңге әр топтан үздік шыққан екі команда жолдама алады. 23-27 қараша аралығында Малагада өтеді.


Бөлісу