Басты Жаңалықтар Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылар тізімі белгілі болды деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі. 4-7 тамыз күндері Нұр-Сұлтанда өтетін құрлықтық біріншілікке ел құрама сапынан 18 спортшы қатысады.

Ерлер:
Мағжан Шамшадин (60 кг)

Бауыржан Нарбаев (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (66 кг)

Ерлан Серікжанов (73 кг)

Данияр Шамшаев (73 кг)

Дидар Хамза (90 кг)

Нұрлыхан Шархан (-100 кг)

Ислам Бозбаев (-100 кг)

Әділ Оразбаев (+100 кг)



Әйелдер:

Абиба Абужақынова (48 кг)

Ғалия Тынбаева (48 кг)

Гаухар Ирмагамбетова (52 кг)

Севара Нишанбаева (57 кг)

Мөлдір Нарынова (63 кг)

Анастасия Маякова (70 кг)

Аруна Жангельдина (-78 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)

Айта кетерлігі, IJF ережесі бойынша, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Олимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады. Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпайды еншілесе, 2 орын иегері 490, ал 3 орынға 350 ұпайдан үлестіріледі.


Татами бәсекесін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады.

Бөлісу