Петропавлда хоккей командасы құрылады
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.
«Ағымдағы жылдың шілде айында біз жеңіл атлетикаға арналған манежі бар жабық мұзайдынының құрылысын бастадық. Баяндамамда атап өткенімдей, мұзайдыны Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуровтың есімімен аталатын болады. Айтпақшы, онда велошабандоздардың жаттығуы үшін арнайы орын болады. Өздеріңіз білетіндей, веложарыста Солтүстік Қазақстан мықты. Біздерде бірнеше Әлем чемпионы мен Олимпиада чемпионы бар», - деді облыс басшысы.
Е.Сұлтанов сөзінде келер жылдың қыркүйек айында аталған спорт нысанының пайдалануға берілетіндігін атап өтті.
«Біз Петропавл қаласының жоғары лигада ойнайтын хоккей командасын құру бағытындағы жұмыстарды жүргізудеміз. Сондықтан да жоғары лиганың келесі хоккей маусымында Петропавл қаласы командасының да ойнайтындығына сенімдімін», - деді Е.Сұлтанов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00