Үстел теннисінен VI жазғы Спартакиадада Қарағанды облысы топ жарды

Қарағанды қаласындағы Saryarka орталығында үстел теннисінен VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының жеңімпаздары анықталды.

Ерлер арасында жекелей сында елордалық Кирилл Герасименко қарағандылық Алан Құрманғалиевтен басым түсті. Финал 4-1 есебімен тәжірибелі ойыншының пайдасына аяқталды. Ал әйелдер арасында Зәуреш Акашева (Қарағанды облысы) топ жарды. Ол финалда тағы бір Ұлттық құрама өкілі Сарвиноз Миркадироваға (Шымкент) еш мүмкіндік бермеді (4-1).

2022 жылы Павлодар қаласында өткен Қазақстан чемпионатының жекелей сындағы финалына осы 4 спортшы шыққан.

Аралас жұптық сында Зәуреш Акашева мен Владислав Захаров дуэті Кирилл Герасименко мен Анастасия Ловроваға 0-3 есебімен есе жіберді.

Үздік үштікті түйіндеген жұптар:

Бекұлан Жамал/Сарвиноз Миркадирова (Шымкент);

Алан Құрманғалиев/Арай Ашкеева (Қарағанды облысы).

Әйелдер арасында шымкенттік Сарвиноз Миркадирова мен Анель Бақыт жұбы батыс Қазақстан облысынан келген Гүлчехра Хусейнова мен Алсу Сапарованы ұтты.

3-орын – Юлия Даниярова/Алина Дубровская (Қостанай облысы);

Айя Әлімбаева/Валентина Успанова (Алматы).

Алан Құрманғалиев пен Владислав Захаров екеуі финалда ағайынды Кирилл және Александр Герасименкодан басым түсті. Қола медаль Денис Жолудев/Сагантай Құрмамбаев (ШҚО) пен Бақдәулет Әкімәлі/Бекұлан Жамал (Шымкент).

Командалық сайыста Қарағанды облысы финалда шығыс Қазақстан облысын 3-1 есебімен жеңді. Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков, Райымбек Келбұғанов чемпион атанды. Күміс медаль Денис Жолудев, Сағантай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Кирилл Сотник, Арнұр Оралхановтың еншісінде.

Әйелдер арасында да Қарағанды облысының құрамасы қарсылас шақ келтірген жоқ. Зәуреш Акашева, Арай Ашкеева, Жанерке Көшкімбаева, Александра Смирнова, Виктория Мочалкина бестігі финалда Шымкент командасын сенімді ұтты. Есеп 3-1.

Күміс жүлдегерлер – Анель Бақыт, Сарвиноз Миркадирова, Гүлноз Камилжанова, Малика Расулметова, Ақниет Амангелді.

Осы Спартакиада кезінде Темірлан Ким (Қарағанды), Арай Ашкеева (Қарағанды) мен Тимофей Герасименко (Астана) «ҚР-ның Спорт шебері» атағын алды.

Жалпы есепте Қарағанды облысы чемпион атанса, Астана қаласы 2-ші, Шымкент қаласы 3-орынға тұрақтады.

Ұлттық құраманың бас бапкері Эльмира Алиева Спартакиаданы былай қорытындылады:

«Спартакиада қорытындысы бойынша Ұлттық құрама жасақталады. Еліміздегі барлық ойыншысы осында келді. Бәрінің нәтижесін бақылап отыруға тырыстым. Қазір үстел теннисінің барлық өңірде дамып келе жатқаны қуантады. Бұрын тартыс Алматы, Астана мен Павлодар арасында өтетін. Бұл жолы 7-8 команда бір деңгейде жүлдеге таласты. Ұлттық құрама жасақтайтын кезде қиналайын деп тұрмыз. Бірінші және екінші номерлі спортшылар финалда өнер көрсетті. Ал шеберлігі шыңдалған алматылық Айдос Кенжеғұлов пен Анастасия Ловрова сынды ойыншыларды атап өте алам. Олардың арасынан Ұлттық құраманың 3-номерлі теннисшісін таңдаймыз»

Спортшыларды марапаттау рәсіміне ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев, Қазақстан үстел теннисі федерациясының Атқарушы хатшысы Данил Пак, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев қатысты.

Айта кетейік, 20 наурызда басталған үстел теннисі бәсекесіне 20 өңірден келген 180-нен астам спортшы қатысты.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының күміс жүлдегері
Елордада бәйгеден Astana Cup республикалық турнирі өтті
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді
Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды
Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Әбиба Абужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді
Бейбарыс Ерсеит ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейге есе жіберді