«Kazsport» ЖХЛ-дың плэй-офф аясындағы «Сарыарқа» - «Торпедо» матчтарын тікелей эфирде көрсетеді
25 ақпанда Жоғарғы хоккей лигасында плэй-офф ойындары басталады. Биылғы турнирдің ерекшелігі – жарыстың 1/8 финалында еліміздің екі командасы, яғни қарағандылық «Сарыарқа» мен өскемендік «Торпедо» бір-бірімен кездеседі.
Хоккей айдынындағы қазақстандық дербиді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қарағандыда өтетін алғашқы матчтың тікелей көрсетілімін көрермендер 26 ақпанда сағат 18:50-де тамашалай алады. Ал, «Сарыарқа» мен «Торпедо» арасындағы 2-ші ойын 27 ақпанда сағат 16:50-де тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, ЖХЛ чемпионатын «Сарыарқа» 8-ші, «Торпедо» 9-шы орында аяқтады. Біріншілікте командалар екі рет кездесіп, екеуінде де өскемендік клуб жеңіске жеткен еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыБразилия құрамасы 1/8 финалға шықты
30.06.2026, 07:07
Нидерланд – Марокко: Тікелей эфир!
29.06.2026, 18:30
Германия – Парагвай: Тікелей эфир!
29.06.2026, 18:00
Бразилия – Жапония: Тікелей эфир!
29.06.2026, 17:30
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов Үндістандағы әлемдік деңгейдегі супертурнирде табысты өнер көрсетті
29.06.2026, 14:00
Канада 1/8 финалға шықты
29.06.2026, 07:00