«Барыс» үшінші ойын қатарынан жеңілмей келеді
Елордалық «Барыс» хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасы аясында үшінші ойын қатарынан жеңілмей келеді.
«Барыстың» хоккейшілері кезекті тур аясында өз алаңында Минскінің «Динамосын» тізе бүктірді. Қорытынды есеп 3:1.
Бірінші кезеңде шайба соғылмады. Алайда, екінші кезеңде елордалықтар қарсылас қақпасына жауапсыз екі шайба соқты. 21-ші минутта "Барыс" шабуылшысы Дмитрий Шевченко есеп ашса, араға алты минут салып Андре Петессон есепті еселеді.
Үшінші кезеңде «динамолықтар» таблодағы көрсеткішті қысқарта білді. Ал, ойынның соңғы нүктесін 48-ші минутта Дастин Бойд қойды.
"Барыс" үшін бұл жеңіс ҚХЛ-дегі қатарынан үшіншісі. Барлығы 26 ұпай жинаған қазақстандық клуб Шығыс конфедерациясында алтыншы орында тұр
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39