«ПСЖ» – «Бавария»: Тікелей эфир!
28 сәуір күні УЕФА Чемпиондар лигасы 1/2 финалы аясында Париждің «Парк де Пренс» стадионында «ПСЖ» мен мюнхендік «Бавария» алғашқы кездесуін өткізеді.
Қос команда осы маусымда екінші мәрте бетпе-бет келіп отыр. Топтық кезеңнің 4-турында (2025 жылдың 4 қарашасы) мюнхендік клуб сырт алаңда 2:1 есебімен басым түскен болатын. Ол матчта Луис Диастың дубльі (4', 32') «Баварияға» жеңіс сыйласа, париждіктер сапынан Жоау Невеш (74') көзге түсті.
Чемпиондар лигасы тарихында бұл клубтар осы уақытқа дейін 15 рет кездескен. Оның 9-ында «Бавария» жеңіске жетсе, 6 матчта «ПСЖ» басым түскен. Қазіргі таңда екі ұжым да тамаша бабында және Еуропаның ең үздік төрт командасының қатарына - 1/2 финалға еніп отыр.
Тартысқа толы матчты сағат 23:50-де «Qazsport» телеарнасы мен Qazsporttv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы