Елбасы Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен телефон арқылы сөйлесті
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды akorda.kz.
Әңгіме барысында Қазақстанның Халықаралық олимпиада комитетімен ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды.
Т.Бах қазақстандық олимпиадашылардың соңғы жылдардағы табыстарының көрсеткіші болып отырған еліміздегі спортты дамыту шараларына жоғары баға берді.
Алматының 2011 жылғы Азия ойындарын және өзге де халықаралық спорттық шараларды ұйымдастырудағы оң тәжірибесі атап өтілді.
Мемлекет басшысы Халықаралық олимпиада комитетінің 7-9 желтоқсанда Монакода өткен 127-сессиясының табысты қорытындыларына ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00