Алматыда шаңғы жарыстарынан Қазақстанның ашық кубогы өтеді

22-26 желтоқсан күндері Алматыда шаңғы жарыстарынан Қазақстанның ашық кубогы өтпек. Шаңғы жарыстарынан Халықаралық федерацияның (FIS) эгидасымен ұйымдастырылатын бұл сайыста халықаралық сайысқа қатысатын спортшыларға қосымша ұпай беріледі.

Сайыс нәтижесі бойынша 2015 жылдың ақпанында Алматыда жастар мен жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын жас шаңғышылар құрамы жасақталады.

«Бұл сайыс бізге дайындығы мол, жүлде иеленуге үлкен әлеуеті бар жастарды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Әрі біз өз елімізде өтетін әлем чемпионатында жүлде иеленуді көздейміз. Әзірше қандай жүлде екенін айта алмаймы, бірақ, біз тыңғылықты дайындалудамыз. Біз өз елімізде өтетіндіктен, бұл факторды қолданып қалуға міндеттіміз», - Шаңғы жарыстарынан ҚР Ұлттық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.

ҚР Ашық Кубогына Алматы, Астана, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарының спортшылары қатысады. Сонымен қатар, Алексей Полтораниннен өзге Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері қатысады.

Ұлттық құрама қазіргі таңда Әлем Кубоктарының кезеңдеріне қатысуда, сол себепті олар Алматыға бүгін түнде ұшып келеді, сол себепті алғашқы спринтерлік сайысқа қатыса алмайды. Бұл сайыста алда өтетін Әлем Кубогының кезеңдеріне және әлем чемпионатына қатысатын құрама спортшыларын қарастыру  жұмысы жүргізіледі.  Негізгі іріктеу келесі жылдың қаңтар айында Қазақстан чемпионатында жүргізіледі.

«Өткен Әлем Кубогының кезеңдерінің нәтижесін «қанағаттанарлық» деп бағалаймыз. Биылғы маусымда спортшыларды дайындау жұмысы сәл өзгерді: ауқымды әрі жылдамдықты талап ететін жаттығулар көп жасалындя. Сол себепті жарыстар қиынға соқты. Дегенмен бұл нәтижелер үміт ұялатады. Алдағы бір жарым айда спортшылар әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып, қажетті қалыпта өнер көрсетеді деп ойлаймын», - дейді А.Невзоров.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Лионель Месси – «Интер Майами» тарихындағы ең үздік бомбардир
Ливерпуль Вирц үшін 135 миллион еуро ұсынды: Байер бағада нық тұр
Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінде ширек финалға жолдама алды
УЕФА Чемпиондар лигасының маусымы өз мәресіне жетті
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар құрамы белгілі болды
Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Елназ Калиахмет пен Қазыбек Нөгербек 2025 жылғы Қазақстан чемпиондары атанды
Ташкентте үстел теннисінен өткен турнирде Қазақстан құрамасы 7 жүлдеге ие болды
Қазақстандық каратешілер Grand Winner сыйлығына ие болды
Бокс: Thailand Open турнирінен Қазақстан құрамасы 5 алтын иеленді
Осман Дембеле осы маусымда Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы болып танылды
Луис Энрике Чемпиондар Лигасындағы «ПСЖ»-мен бірге жеткен жеңісін қызы Ксанаға арнады
ПСЖ – Интер | Футбол | УЕФА Чемпиондар Лигасы | Финал | Шолу
ПСЖ тарихта тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды
Елизавета Матвеева — Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Нора Джеруто Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Джеки Чан ресми түрде каратеден қара белбеу иегері атанды
Ресми: Трент Александер-Арнольд «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
Жания Бекмұхамбетова халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Криштиану Роналду «Аль-Хиляль» немесе «Аль-Ахли» клубтарына ауысу туралы ұсыныс алды