«Астана» командасының төрт экипажы «Дакар-2015» ралли-марафонына қатысады
«Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы құрамындағы «Astana Motorsport» командасы «Дакар-2015» әлемдік ралли-марафонына қатысатын болады, деп хабарлады Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында «Astana Motorsports» командасының мүшесі Артур Ардавичус.
«Дакар-2015» ралли-марафонында Astana Motorsports командасының атынан төрт, яғни үш жеңіл және бір жүк көлігінің экипаждары жарыс жолына түседі.
«Жол талғамайтын көліктер санатында Т1 класы бойынша екі экипаж өнер көрсетеді: Айдын Рахымбаев пен штурман Антон Николаев MINI көлігімен, ал Бауыржан Исабаев пен оның штурманы Владимир Демьяненко Toyota Overdrive көлігімен шығады. Т2 класы бойынша жүргізуші Денис Березовский мен штурман Игнат Фальков Nissan Patrol көлігімен бақтарын сынайды. Ал, «жүк көлігі» санаты бойынша мен және штурман Алексей Никижев пен механик Даниэль Козловский қатысады», - деді А.Ардавичус.
Оның айтуынша, алдағы Дакардың жолы Аргентина, Чили және Боливия елдерінің жерімен жүреді. Жарысқа шығу мен мәре орны Аргентинаның астанасы - Буэнос-Айрес қаласы.
Биыл жалпы «Дакар-2015» ралли-марафонына әлемнің 50 тарта елінен 450-ге жуық экипаж қатысады. Оларға 9 мың шақырымнан астам жолды басып өтуге тура келеді. Оның 5 мың шақырымы – жылдам жүретін аумақ.
Марафон 2015 жылдың 4 қаңтарында басталып, 17 қаңтарында аяқталады.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00