Үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды (ФОТО)
Cалтанантты шараға Мәжіліс депутаты Талғат Ерғалиев қатысты.
Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК 2014 жылы атқарған жұмыстарды қорытындылады. Сонымен қатар, жылдың үздік спортшылары мен жаттықтырушыларын марапаттады.
«Үздік бөлім» аталымы бойынша жаттықтырушы Екатерина Есикова баптаған көркем гимнастика бөлімі сыйлыққа ие болды.
Оның шәкірттері Нұрай Құмарова, Әлия Молдахметова, Әмина Қожахат, Виктория Гуслякова, Дарья Медведева жасөспірімдер арасында Нанкинде өткен ІІ Жазғы Олимпиаданың қола жүлдесін еншіледі. Бүгін барлығына 3000 мың АҚШ долларының сертификаты табысталды.
«Үздік спортшы» аталымы бойынша ескек есу шебері Екатерина Кальтенбергер марапатталды. Спортшы биыл өткен жарыстардың барлығында тұрақты нәтижеге қол жеткізген. Венгрияның Сегед қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында және Инчхондағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Спортшыға 5000 АҚШ долларының сертификаты берілді.
Сонымен қатар, жұптық сайыста Екатерина Кальтенбергер бірге сынға түскен Зоя Ананченкоға 2000 АҚШ долларының сертификаты табысталды. Ол да Сегед пен Инчхонда өткен додалардың қола жүлдегері.
Инчхонда өткен Азия ойындарында синхронды жүзуден қола жүлде жеңіп алған апалы-сіңілі Екатерина мен Александра Немичке 1000 АҚШ долларының сертификаты берілді.
Жаттықтырушылар да елеусіз қалмады. Көркем гимнастикадан халықаралық жарыстарға спортшыларды дайындаған Меруерт Балғынбаева мен байдарка-каноэ бапкері Дмитрий Кальтенбергер 1000 АҚШ долларының сертификатына ие болды.
Ал, байдарка мен каноэде ескек есу бөлімінің жаттықтырушысы Максим Станкеев «ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағымен марапатталды. Сонымен қатар, жиналғандар «Ерен еңбегі үшін» мемлекетттік сыйлығына ие болған бапкер Сергей Тиуновты құттықтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10
Хулиан Альварес «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
12.05.2026, 15:35
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
12.05.2026, 14:30
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
11.05.2026, 23:00
Қазақстандық дзюдошылар Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде рекорд орнатты
11.05.2026, 21:31
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00