Қазақстандық Юлия Галышева могулдан Әлем чемпионатында қола жүлде иеленді
Австрияның Крайшберг тау шаңғысы шипажайында фристайлдан өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Юлия Галышева қола жүлде иеленді.
Жұптық могулдан америкалық Ханна Кирни Әлем чемпионы атанса, канадалық Жюстин Дюфур-Лапойнт күміс жүлде иеленді. Юлия үшінші орын үшін бәсекеде атақты апалы-сіңлілердің бірі Хлоя Дюфур-Лапойнттен басым түсті.
Бұған дейін осы әлем біріншілігінде могулден өткен жарыста Юлия бесінші орынды иеленді.
Еске сала кетейік, 2014 жылы 13 желтоқсанда Финляндияда өткен Әлем кубогі кезеңінде жұптық могулден Юлия Галышева жартылай финалда Ханна Кирниді, финалда дәл осы Хлояны ұтып, жеңімпаз атанған.
Өткен жылы Сочи Олимпиадасында төрешілердің төмен баға қоюына байланысты жүлделі орынға іліге алмаған қазақстандық могулші шеберлігін осылайша дәлелдеп келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00