Конькиші Роман Креч спринтерлік көпсайыс бойынша Қазақстан чемпионы атанды
Сочи Олимпиадасының қатысушысы, конькиші Роман Креч спринтерлік көпсайыс бойынша өткен Қазақстан біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астанада спринтерлік көпсайыстан өткен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.
Көпсайыс қорытындысы бойынша (500, 1000 метр) ерлер арасында Солтүстік Қазақстан облысынан Роман Креч жеңімпаз атанды.
Екінші орын 1000 метрлік қашықтықта 2013 жылғы Әлем чемпионы Денис Кузинге бұйырды.
Қола медальды 2012 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Федор Мезенцев жеңіп алды.
Әйелдер арасында Қарағанды облысының өкілі Екатерина Айдова бірінші келді. Мария Сизова мен Евгения Сафина сәйкесінше екінші және үшінші орындарда.
Еске сала кетейік, біріншілік Астанадағы «Алау» мұзайдынында 23-24 қаңтар аралығында өткізілді.
Оның қорытындысы бойынша Астанада 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтетін конькимен жүгіруден Әлем чемпонатына қатысатын құрама жасақталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00
Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы
10.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы жүлдеге таласады
10.05.2026, 15:35
Жалғас Қайролла Grand Slam турнирінің чемпионы
09.05.2026, 19:00
Grand Slam: Қазақстандық үш дзюдошы жүлдеге таласады
09.05.2026, 17:01
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15