Универсиада-2015. Анастасия Слонова күміс медаль жеңіп алды
Словакияның Штребске Плесо жерінде өтіп жатқан қысқы Универсиадада қазақстандық Анастасия Слонова өзінің осы жарыстағы екінші жүлдесін иеленді.
Ол 5 шақырымдық классикалық шаңғы жарысында ресейлік Оксана Усатовадан 18,1 секунд қалып, мәре сызығына екінші келді. Ал, үшінші орынға тағы бір ресейлік шаңғышы Лилия Васильева тұрақтады.
Жарысқа қатысқан басқа қазақстандық шаңғышылар төмендегідей орыннан көрінді:
Жарысқа қатысқан 64 спортшының арасында Анна Стоян – 6-шы, Виктория Ланчакова – 9-шы, Ольга Мандрика – 14-ші, Татьяна Осипова – 16-шы және Марина Матросова – 24-ші орын иеленді.
Шаңғы жарысы. Қысқы Универсиада-2015. Штребске Плесо (Словакия). Әйелдер. 5 шақырым. Классикалық стиль.
1. Оксана Усатова (Ресей) — 13:09.5
2. Анастасия Слонова (Қазақстан) — +18.1
3. Лилия Васильева (Ресей) — +21.9
6. Анна Стоян (Қазақстан) — +48.8
9. Виктория Ланчакова (Қазақстан) — +52.0
14. Ольга Мандрика (Қазақстан) — +1:02.7
16. Татьяна Осипова (Қазақстан) — +1:06.5
24. Марина Матросова (Қазақстан) — +1:21.2.
Фото: tatry2015.sk
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00